Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өнер мен әдебиеттің тоғысқан, жаңа жылдық көңіл-күймен өрілген «Карнавалды кітапхана түні – 2024» мерекелік кеші өтті. Мерекелік шара әдебиет пен өнер сүйер қауым үшін ұйымдастырылған бағдарламасымен ерекшеленді.
Кеш басы қонақтарды тамаша туындыларымен қуантатын өнер шеберлері, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының талантты әншілері, көрермендерді нәзік әуезділігімен баурайтын әндерімен Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Гүлбану Лахаева және Ақбота Сабыржанова әсем саз әлеміне баурап, өңіріміздің танымал ақындары қазақ жырының туын биік көтерген Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Немеребай Жангелді, жазушы, журналист, «Janr» әдеби клубының президенті Айдобосын Есболат, ақын Нұрмұхан Азамат және басқа да жас ақындар өз шығармаларымен тыңдармандарды терең ойға, асқақ шабытқа жетеледі.
Сонымен қатар, Шынаргүл Онашбайдың жетек...
|